Қазақ тіліне арналған дауыстық енгізу пернетақтасы. Тіркелу жоқ: орнатасыз да, бірден сөйлей бересіз.
Қазақ тіліне арнайы үйретілген модель — ауызекі сөзді де, акцентті де түсінеді.
Пошта да, құпия сөз де сұралмайды. Қолданба ашылған бойда жұмысқа кіріседі.
Жүйелік пернетақта ретінде қосылады — хабаршы, браузер, пошта, бәрінде бірдей.
Кирилл, төте жазу және латын — үшеуі де бір пернетақтада. Үстіңгі жолдағы 文A пернесі әліпбиді ауыстырады, таңдауыңыз есте сақталады.
Төте жазумен жазғаныңызды кириллицаға көшіріп береді. Бұл тегін: аударма емес — бір тілдің екінші әліпбиі, сондықтан ештеңе болжанбайды.
Сөйлеп болған соң мәтін тұрған жеріне жазылады: хабаршыда да, іздеу жолында да, поштада да. Қосымшадан шығудың қажеті жоқ.
Мәтін нүктесі мен үтірі қойылған күйі түседі. Жазылып жатқанын дыбыс толқыны көрсетіп тұрады.
Қазақша ↔ орысша, қазақша ↔ ағылшынша. Қосымшадан шықпай-ақ.
Аударма тақтасын ашып, соңғы сөйлемді немесе белгілеген мәтінді аударасыз. Нәтижесін орнына қоюға да, көшіріп алуға да болады.
Микрофонды басып тұрып сөйлеңіз де, саусақты жоғары-оңға сырғытып жіберіңіз — айтқаныңыз аударылып түседі.
Көшірілген мәтін пернетақтада тұрады, бір басып аударасыз. iPhone-да «Бөлісу» мәзірінен де шақырылады — көшірудің де қажеті жоқ.
Күнде керек болатын ұсақ-түйек — бәрі қол астында.
Жиі қойғандарыңыз алдыда тұрады, іздеудің қажеті жоқ.
Келесі сөзді болжайды — толық терудің қажеті жоқ.
12*7 деп теріп «=» бассаңыз, жауабын өзі қояды.
Соңғы көшірілгендер пернетақтада тұрады: біреуін басып қойсаңыз болды.
Bulan, Көмір, Қағаз, Контраст — қалағаныңызды таңдайсыз.
Пернені басып тұрсаңыз қосымша таңбалар шығады: ё, ъ, тыныс белгілері, валюта белгісі.
Тіркелу жоқ — ашқан бойда дайын.
Телефон баптауларындағы пернетақта тізімінен таңдайсыз.
Сөйлеп болған соң мәтін курсор тұрған жерге түседі.
iPhone, iPad және Android — жүйелік пернетақта. Mac-та пернетақта емес, жылдам перне: басып тұрып сөйлейсіз, мәтін ашық тұрған бағдарламаға түседі.
Тіркелу жоқ: пошта да, құпия сөз де, телефон нөмірі де сұралмайды. Қолданба ашылған бойда жұмыс істей береді.
Дауысыңыз тану үшін біздің өз серверімізге барады, бөтен қызметке емес. Қолданба баптауларында «Деректерімді жою» түймесі бар — басқаныңызда сақталғанның бәрі өшеді.